{metadescription}
Орал қаласында жүкті әйелдің жүрегі тоқтап қалды

Орал қаласында жүкті әйелдің жүрегі тоқтап қалды

Қырық екі жастағы әйел үшінші рет босануға тиіс еді. 

Нәресте анасының құрсағында шетінеп кетті. Плацентасы мерзімінен бұрын ажыраған жүкті әйел 10 қарашада Орал қаласындағы көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Көп қан жоғалтқандықтан, оның жүрегі тоқтап қалды. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Асхат Балықовтың айтуынша, 42 жастағы әйел үшінші рет босануға тиіс еді. 

"Ауруханаға түскен кезде әйелдің жағдайы ауыр болды. Өйткені өте көп қан жоғалтқан, ұрық құрсағында шетінеп кетті. Акушерлік эмболия жағдайы туындады. Босандыру жүргізілген кезде клиникалық өлім болды. Жүрек-өкпе реанимациясы жасалып, жүрек жұмысы қалпына келтірілді ", - деді Балықов.

Алайда кейін жүрегі тағы да тоқтап қалып, әйел көз жұмған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде