Қарағандыда Теміртау тұрғыны сауда үйлерінен бір күнде екі рет ұрлық жасаған
8 қарашада Қарағанды қаласының ПБ Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері “Қалта ұрысы” жедел алдын алу шарасын жүргізді.
17:20 12.11.2021
Сағат 14.00 шамасында сауда үйлерінің бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Белгісіз біреу сөреден күрте мен екі футболканы ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 29 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдікті 25 жастағы Теміртау қаласының тұрғынын ұстады. Ол Қарағандыға ұрлық жасау үшін келгенін түсіндіріп, кінәсін мойындады.
Айғақты заттар алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған азаматтың тағы бір қылмысқа қатыстылығын анықтады. Осыдан бір сағат бұрын күдікті басқа сауда үйінен тауарларды ұрлап кеткен. Бұл жағдайда келтірілген шығын көлемі 11 мың теңгені құраған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!