Ақтөбеде жоғалған 16 жастағы жасөспірімді полицейлер тапты
Ағымдағы жылдың 15 қарашасында Ақтөбе қаласы ПБ №4 қалалық полиция бөліміне Байғанин ауданының 40 жастағы тұрғыны жүгінді.
18:19 17.11.2021
Анасы 2005 жылғы студент ұлы бірге тұратын туысқандарының үйіне келген болатын. Оқу үлгерімі туралы сөз болған уақытта, анасы мен баласының арасында түсініспеушілік пайда болып, бала үйден шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды Polisia.kz. Дереу жедел-іздестіру тобы құрылып, кәмелетке толмаған баланы іздеуге кірісті. Келесі күні жасөспірімнің Байғанин ауданындағы атасының үйінде болғаны анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!