Шымкент тұрғындары жарықсыз қалды
Ауа-райының нашарлауына байланысты 23 бағытта электр қуатының өшуі орын алды.
17:12 17.11.2021
Қазіргі уақытта қала бойынша 16 авариялық бригада, 11 арнайы техника жұмыс істеуде, деп хабарлайды Оtyrar.kz. «Оңтүстік Жарық» авариялық бригадалары ақаулықтарды жою жұмыстарын жүргізуде. Олардың барлығы күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Жұмыс үздіксіз жүргізілуде. Ақаулар жойылысымен абоненттерге электр энергиясын беру жүргізілетін болады.
«Қала тұрғындарынан шыдамдылық пен түсіністік танытуды сұраймыз», - дейді «Оңтүстік Жарық» мамандары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!