Елбасы суреті бейнеленген жаңа 20 мың теңге айналымға шығады
Қазақстан Ұлттық банкі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған номиналы 20 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты айналымға шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
14:37 01.12.2021
«Мерейтойлық банкноттың дизайны бірегей технология бойынша дайындалды: банкноттың тігінен орналасқан және номиналдың голографикалық бейнесін, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған логотипті және Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың факсимилесін қамтыған металсыздандырылған жолақ әлемде алғаш рет қолданылды. Мерейтойлық банкноттың 27 қорғаныш элементі бар. Банкноттың дизайны айналыстағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде жасалған: бет жағы негізінен тік бейнелерді, сыртқы жағы көлденең бейнелерді қамтиды. Банкнот басым түс – сұр түсте орындалған. Банкнот көлемі 155х79мм», - деп атап өтеді банктен.
Банкноттың бет жағы
Бет жағындағы негізгі бейнелер – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев портретінің голографиялық бейнесі, Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің нышаны ретінде «Қазақ Елі» монументі, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, қазақтардың дәстүрлі тұрғын үйі «Киіз үйді» безендіру желісі бойынша «Басқұр» – таспасындағы қазақтың ұлттық өрнегінің фрагменті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!