Қазақстанда омикрон штамы таралмас үшін қандай шаралар қолға алынған
Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордада коронавируспен ауырғандардың статистикасын жариялады.
14:50 08.12.2021
«ДДСҰ коронавирус инфекциясының жаңа штамы омикронды тіркеді және оны алаңдаушылық тудыратын нұсқа ретінде таныды. Омикрон қатарынан 32 мутациядан тұрады және дельтаға қарағанда анағұрлым жұқпалы», - деді Сархат Бейсенова әкімдікте өткен брифингте.
Оның айтуынша, жаңа штамды республика аумағына енгізбеу мақсатында ведомствоаралық комиссия биылғы 3 желтоқсаннан бастап мынадай шаралар қабылдады:
- Қазақстанға 11 елден (Ботсвана, ОАР, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Танзания, Малави және Гонконг) шетел азаматтарының кіруі шектелді.
- Омикрон штамынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елден келген адамдар: Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египет вакциналанғанына қарамастан міндетті түрде 72 сағаттан кешіктірмей ПТР тестілеуден өтеді.
- одан бөлек, «омикрон» тудырған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР-тестінің нәтижесіне қарамастан 7 күн мерзімге үй карантиніне жіберіледі.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!