Шу ауданында жігіт 16 қойды ұрлап кеткен
Шу ауданының полиция бөліміне 44 жастағы жергілікті тұрғын 30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Шоқпар ауылына іргелес аумақта орналасқан жеке шаруашылықтың жайылымынан белгісіз біреу 16 бас қойды ұрлап кетіп, 550 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтіргені туралы шағымданды.
15:36 08.12.2021
Жедел-іздестіру шаралары барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Шу қаласының 18 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!