{metadescription}
Павлодарлық келіншек шетелдікке 5 миллион теңгесін ұстатып жіберген  

Павлодарлық келіншек шетелдікке 5 миллион теңгесін ұстатып жіберген  

Павлодарлық келіншектен 5 миллион теңге жымқырған Омбы тұрғыны әуежайда қолға түсті

Мәскеу облысының жедел қызметкерлері Домодедово әуежайында Қазақстанда алаяқтық жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтарында Ресей Федерациясы Омбы қаласының 60 жастағы тұрғыны Павлодар қаласына келіп, әйелмен танысқан.

"Оның сеніміне кіріп, ортақ бизнес құрамыз деген сылтаумен одан 5 миллион теңге қаражатты алған. 9 ай өткен соң бос уәдеден шаршаған әйел павлодарлық құқық қорғау органдарынан көмек сұрады. Жедел уәкілдер барлық аумақтық және шекара маңындағы аудандар мен елдерге бағдар жіберді", - дейді департамент мамандары.

Қазіргі таңда оны Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде