Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды
Бұл туралы ҚР Экология министрі Серікқали Брекешев Twitter-дегі парақшасында жазды.
17:01 08.12.2021
Ведомство сайтының хабарлауынша, 7 желтоқсан күні ҚР Үкіметінің № 867 қаулысына сәйкес Қазақстанда «Ұлытау» ұлттық паркі құрылған. «Ұлытау» ұлттық паркі ҚР Президентінің тапсырмасы аясында құрылып отыр. Парк Қарағанды өңірінде орналасатын болады, оның аумағы 58,9 мың гектарды құрайды.
Парктің мақсаты – ерекше экологиялық әрі ғылыми құндылыққа ие мемлекеттік табиғи кешендердегі биологиялық және ландшафтық саналуандықты сақтау және қорғау. «Ұлытау» ұлттық паркі – Қазақстандағы 14-ші мемлекеттік табиғи парк.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!