Нұр-Сұлтан тұрғыны құны миллион теңгеден асатын бағалы заттарын таксиде ұмытып кеткен
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ұқыпсыздылығының салдарынан таксиде құны миллион теңгеден асатын заттарын ұмытып кеткен.
17:22 08.12.2021
Көлікте қалған чемоданның ішінде ноутбук, гаджет пен өзге де бағалы заттар болған. Елордада "Аймақ" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Оның аясында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы Ержан Саденовке қала тұрғынынан алғыс хат жолданған. Ол "Есіл" ауданының учаскелік инспекторы Рат Абсатовқа жедел қызметі және кәсібилігі үшін ризашылығын білдірген.
Елорда тұрғыны таксиде ноутбук, гаджет пен өзге де құнды заттар салынған чемоданын ұмытып кеткен. Учаскелік инспектордың шапшаңдығының арқасында автокөлік иесі табылып, заттар тұрғынға қайтарылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!