16 жастағы жасөспірім елестер үйіне барып, қорқыныштан мерт болды
Малайзияның Паханг штатындағы Бентонг қаласында 16 жастағы жасөспірім жергілікті аттракционға - елестер үйіне барып, жүрек талмасынан қайтыс болды.
10:35 09.12.2021
Жас жігіт Бентонгқа жақын досымен және отбасымен келген. Елестер үйінде жасөспірім кенет бозарып, есінен танып қалды. Айналасындағылар оған көмектесуге тырысып, таза ауаға шығарып, жедел жәрдем шақырған. Бірақ жігітті құтқару мүмкін болмады.
Өлімнің ықтимал себебі ретінде такоцубо – ауыр стресс кезінде жүрек бұлшықетінің жиырылу қабілетінің кенет төмендеуі. Ол басқа нәрселермен қатар қорқыныштан туындауы мүмкін. Дегенмен, бұл өте сирек өлімге немесе асқынуларға әкеледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!