Алматыда жаяу жүргіншіні автобус қағып, мерт қылды
Алматыда 60 жастағы әйелді автобус қағып кетті, жапа шегуші оқиға орнында көз жұмды.
11:02 09.12.2021
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін таңғы сағат 06:10 шамасында Б. Момышұлы көшесінің бойында болған.
«Saz HC 40» маркалы автобус жүргізуші Б.Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, № 65-үйге қарама-қарсы тұста жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 1961 жылы туған әйелді қағып кетті. М. есімді әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады полициядан.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптама тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!