Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 13 науқас көз жұмды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.
11:19 09.12.2021
Оған сәйкес, 7 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 12 адам - коронавирустан, тағы бір сырқат - пневмониядан қайтқан. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Солтүстік Қазақстан облысында - 3 науқас.
Ақмола облысында - 2, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Атырау облыстарында - бір адамнан көз жұмған. Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!