Арал теңізіне балық аулауға шыққан екі адам суға кетті
Қызылорда облысында Арал теңізіне балық аулауға шыққан екі адамның қайығы аударылып, суға кетті.
09:37 10.12.2021
Оқиға Арал ауданына қарасты Ақеспе елді мекені тұсында, Арал теңізінде болған.
«Аталған ауылда тұратын 1969, 1971 жылғы азаматтар балық аулауға шыққан. Белгісіз себеппен қайық аударылып, екеуі суға кетті. Олардың жансыз денесін бірге жүрген өзге адамдар жағаға алып шыққан», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.
Арал ауданы әкімдігінің хабарлауынша, олардың мәйіттері отбасыларына жеткізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!