{metadescription}
Ақтөбеде карантин шектеулері күшейтіледі

Ақтөбеде карантин шектеулері күшейтіледі

Ақтөбеде «жасыл» мәртебесі бар адамдардың еркін жүріп-тұруына рұқсат берілді.

Ал «жасыл» мәртебесі жоқ адамдар көпшілік жиналатын орындарға кіре алмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескеріліп, жаңа қаулы шығарылды.

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебесі бар болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) жұмыс режиміне шектеу қойылмайды. Бұл қаулы 5-қаңтардан бастап күшіне енеді.

«Салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойы, мерейтой) өткізу
толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай рұқсат етіледі. Конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай рұқсат етіледі. Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар толтырылуы 80%-дан артық болмауы тиіс. Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар) толтырылуы 50%-дан артық емес болған жағдайда рұқсат етіледі. Сондай-ақ діни обьектілер жүрысына рұқсат. Тек адам сыйымдылықтың тең жартысын құрауы керек», - деп жазылған қаулыда.

Қаулы 5 қаңтардан бастап күшіне енеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде