Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады
Синоптиктер 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райына болжамын жариялады.
11:00 04.01.2022
«4 қаңтардан бастап жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар циклондар сериясы еліміздің көп бөлігіндегі ауа райына әсер етеді. Жауын-шашын, негізінен қар жауып, жел күшейеді, сондай-ақ ауа температурасы жоғарылайды. Алайда, кейін оны суық батыс антициклоны алмастырады. Жауын-шашын тыйылып, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.
Алдымен батыста, содан кейін шығыс бағытта және елдің қалған бөлігінде осылай жалғасады. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде 20-25, кей жерлерде 30 градус аяз болжанады», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!