Жаңа жыл түнінде жоғалған ақмолалық әйел табылды
Жаңа жыл түнінде жұмбақ жағдайда жоғалған Аршалы ауданының тұрғыны 27 жастағы әйел табылды.
11:34 04.01.2022
Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Аршалы ауданының тұрғыны 27 жастағы әйел желтоқсанның 31-де түнгі сағат 12:00 шамасында жұмбақ жағдайда жоқ болып кеткен. Күйеуінің сөзінше, әйел үйінен шығып, қайтып оралмаған.
«Аршалы аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері биылғы жылғы қаңтардың 1-де жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоғалған әйелді Нұр-Сұлтан қаласындағы құрбысының үйінде тапты. Оның денсаулығы мен өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда. Полиция 1-ші қаңтар күні әйелді тұрғылықты жері бойынша отбасына аман-есен қайтарды», - деді ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!