Академик жүз жасқа дейін өмір сүрудің құпиясымен бөлісті
Жүз жасқа дейін өмір сүру үшін көп қозғалу керек, әлемге жақсы көзқараспен қарау қажет.
13:13 04.01.2022
Бұл туралы РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Ресей Ғылым академиясының қызметкері, А.Н. Бакулев атындағы жүрек-қан тамырлары хирургиясы ұлттық медициналық ғылыми орталығының президенті, "Ұлт денсаулық лигасы" Бүкілресейлік қоғамдық ұйымының президенті, академик Лео Бокерия мәлімдеді.
"Әрине, қозғалу керек, өйткені қозғалыс – бұл өмір. Екіншіден, менің ойымша, бұл дүниеге мейірімділікпен қарау керек. Мен бәрін кешіру керек деп айтпаймын, тек қажетсіз адамдардан аулақ жүріңіз. Ең бастысы, өмірге деген құлшынысты айтар едім. Мақсат болуы керек, сондай-ақ адамның сүйікті ермегі болғаны жөн", - деді академик.
Сонымен қатар Бокерия салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану және ішімдікті тастау маңызды екенін атап өтті. Алкогольдің кез келген мөлшері асқазанның шырышты қабығын зақымдайды және бұл жүйке белсенділігіне тікелей байланысты деді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!