{metadescription}
Алматыдан 427 шақырым қашықта жер сілкінді

Алматыдан 427 шақырым қашықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 4 қаңтар күні Алматы уақытымен 10 сағат 45 минут 02 секундта жерасты дүмпуін тіркеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 427 шақырым қашықта, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.6, магнитудасы – 4.4. Жерасты дүмпуі 15 шақырым тереңдікте болған», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде