{metadescription}
Белгісіз біреулер 16 адамды өлтіріп кетті

Белгісіз біреулер 16 адамды өлтіріп кетті

Мексиканың орталығындағы Сакатекас штатында екі жаппай кісі өлтіру оқиғасы тіркелді.

Жалпы саны 16 адам өлтірілді, деп сенбі күні Twitter-де жергілікті прокуратура жазды.

«Фреснильо және Панфило-Натера муниципалитеттерінде 10 және 6 адамның мүрдесі табылды», - делінген хабарламада.

Билік өкілдері тергеу амалдарына кірісіп кетті.

«Тергеу барысы жайлы ақпарат тек ресми арналар арқылы таратылады», - деп ескертті ведомствода.

Оқиғаға не себеп болғаны жарияланған жоқ.

Сакатекасте «Синалоа» және «Халисконың жаңа буыны» есірткі картельдері арасында жанжал бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Бұл шиеленіс аймақтағы зорлық-зомбылықтың күрт өсуіне әкеп соқтырды. 2019 жылы өңірде қылмыскерлер қолынан 700 адам көз жұмған болса, 2021 жылы 1,6 мың адам мерт болды. Билік өкілдерінің бағамдауынша, бұл кісі өлтіру оқиғаларының 90%-дан астамы ұйымдасқан қылмыстық топтың мойнында.

2021 жылы Мексикада 33 308 адам өлтірілген. Бір жыл бұрын цифра бұдан 1 246-ға көп болған. Ұлттық статистика және география институтының зерттеуіне сәйкесғ елде ересектердің 65,8% тұрғылықты жерінде өзін қауіпсіз сезінбейді. Ал Сакатекастағы Фреснильо қаласында бұл көрсеткіш 96,8%-ға жеткен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 наурыз

08 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде