{metadescription}
Екі мыңнан астам қару әлі де қылмыскерлердің қолында

Екі мыңнан астам қару әлі де қылмыскерлердің қолында

Қаңтар оқиғалары кезінде үш мыңнан астам қару ұрланды.

Оның тек мыңға жуығы табылды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығы орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

"Жалпы алғанда, 3 мыңнан астам қару ұрланған. Осының тек үштен бірі немесе 967 бірлігі ғана табылды. Ал 2 мыңнан астам, соның ішінде гранаталар, пулеметтер, мылтықтар, тапаншалар, гранатомет әлі де қылмыскерлердің қолында", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Атап айқанда, Алматы облысында полиция департаменті ғимаратынан 53 автомат, 367 тапанша, 1 гранатомет, сондай-ақ 23 мыңнан астам оқ-дәрі ұрланған. Жамбыл облысында 209 автомат, 134 тапанша, 11 гранатомет, 1 пулемет және 40 мыңға жуық патрон қолды болды.

Алматы резиденциясындағы бүліктен кейін 131 қару мен оқ-дәрілердің жетіспеушілігі анықталды. Соның ішінде 80 граната, 17 тапанша, 11 автомат, 21 гранатомет және снайпер мылтығы бар. Сондай-ақ 10 аңшылық дүкен тоналды. Ол жерден 1 629 мылтық ұрланды, деп толықтырды Қилымжанов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде