{metadescription}
Қордайда 4 адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

Қордайда 4 адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

Алматы облысында 4 адамды мылтықпен атып өлтірді деген күдікті ұсталды.

«Алматы облысында халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды. Оқиға 2020 жылдың 7-ақпанында Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Масаншы ауылында болған. Бір топ адам аңшы мылтығымен төрт адамды өлтірген. Қару тәркіленді», - деп мәлімдеді онлайн-брифингте Ішкі істер министрлігінің Басқарма басшысының орынбасары Дәурен Қозыбақов.

Оның сөзінше, тағы бір адам өлтіруге қатысты деген күдікпен Тараз қаласында ұсталған. Сонымен қатар, Д.Қозыбақов Алматы және Алматы облысындағы 6 тұрғынның қолға түскенін жеткізді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олар жаппай тәртіпсіздікке қатысып, арматура беріп, әскери қызметкеркерге қарсылық көрсеткен.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 10 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысты. Ауқатты және Бұлан Батыр ауылдарында да қақтығыстар болды. Бұзақылар металл заттар, тас, атыс қаруын қолданды.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде