Әскери ұшақ апатқа ұшырады
Дүйсенбі күні елдің солтүстік-батысындағы Тебриз қаласының аумағында Иранның әскери-әуе күштерінің ұшағы құлады.
17:26 21.02.2022
Шығыс Әзербайжан провинциясының Дағдарыстық жағдайлары басқару басқармасының басшысы Мухаммад Багер Хонарбар ұшақтың автокөлік пен мектеп ғимаратының қабырғасына соғылғанын мәлімдеді. Оқиға кезінде мектепке оқушылар болмаған.
F-5 жойғыш ұшағы жабық тұрған мектеп пен спорт залдың жанына құлаған. Апат салдарынан екі ұшқыш пен автокөлік ішінде болған азамат мерт болды. Ұшақ Тебриздегі Шахид Факури базасынан ұшқан. Шахида Факури әуе базасының командирі, генерал Реза Юсефидің айтуынша, ұшқыш ұшақты адам жоқ жерге қарай бұрып, үлкен трагедияның алдын алған.
«Біздің ұшқыштар ұшақтың бағытын адам жоқ жерге қарай бұрды. Ұшақ өзінің тиісті орнына құлағанда, олар өздерін аман алып қала алар еді», - деп қосты ол.
Жойғыш ұ шақ жаттығу миссиясы кезінде жоғалып кеткен, техникалық ақаулар салдарынан ұшқыш оны қондыра алмаған.
Қазіргі кезде апат орнына құтқарушылар жіберілді, тергеу жүріп жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!