{metadescription}
Елімізде әскерилердің физикалық дайындығы бойынша талап өзгереді

Елімізде әскерилердің физикалық дайындығы бойынша талап өзгереді

ҚР Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердегі физикалық дайындығы жөніндегі нормативтерге өзгертулер әзірледі.

Өзгертулер жобасыашық нормативтік-құқықтық актілер порталында орналастырылған. Нормативтер жобасына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар мыналар: 

1) «Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттардың» дене даярлығын бағалау тәртібі анықталды – бұрын бұл мәселе қарастырылмаған;

2) «Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттар» санаты әскери қызметшілер санатынан бөлінді – бұған дейін нақты санаттар арасы бөлінбеген;

3) «Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттарға» арналған жаттығулар айқындалды (100 м жүгіру қосылды) – бұған дейін кейбір жаттығулар қарастырылмаған;

4) Жекпе-жек ұрыс тәсілдерін жасауға тартылатын санаттар айқындалды (1 және 2 жас тобындағы әйелдерге - бастапқы және 8 есепке орындалатын ЖЖК кешендері, 1 және 5 жас тобындағы әскери қызметші ерлерге – жекпе-жек бастапқы, арнаулы және 8 есепке орындалатын жекпе-жек кешендері) – бұған дейін кейбір жаттығулар дұрыс бөлінбеген;

5) Кедергілер жолағында орындалатын жаттығулар нәтижелеріне ауа температурасын және киім нысанын ескере отырып түзетулер анықталды - бұған кедергілер жолағында орындалатын жаттығуларға өзгертулер және киім нысанының нұсқалары болмаған.

Құжат жобасы осы жылдың 5 мамырына дейінм қоғамдық талқылауға ашық болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде