{metadescription}
БҰҰ басшысы ұйымның Жастар істері жөніндегі кеңсесін құруды ұсынды

БҰҰ басшысы ұйымның Жастар істері жөніндегі кеңсесін құруды ұсынды

Осы аптада Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде ЭКОСОС Жастар форумы өтіп жатыр.

Оның делегаттары даму жолдары, соның ішінде цифрлық, жұмыспен қамту, сондай-ақ жастардың жаһандық проблемаларды шешуге араласу мәселелерін талқылауда.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш форум қатысушыларына арналған бейнеүндеуінде жастарды өз елдерінің көшбасшыларын соғыстарды тоқтатуды, қоршаған ортаны қорғауды және COVID-19 пандемиясынан кейін тиісті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді талап етуге шақырды. 

Гутерриштің пікірінше, Экономикалық және әлеуметтік кеңестің жастар форумы (ЭКОСОС) – БҰҰ-ның әлем жастары ұмтылысының толық бейнесін танытатын негізгі алаң.

Бас хатшы БҰҰ Жастар стратегиясы туралы қозғаған сөзінде болашақ ұрпақпен байланысты нығайтуға арналған ұсыныстарын еске салды. Олардың арасында қыркүйекте өтетін білім беру жүйесін реформалау жөніндегі саммит, сондай-ақ БҰҰ-ның жастар істері жөніндегі жаңа кеңсесін құру туралы ұсынысы бар.

«Жастардың ұйым шеңберінде де, одан тыс жерде де толық, жан-жақты және тиімді қатысуы адам құқықтарын ілгерілету, климаттық дағдарысты еңсеру және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін маңызды», - деп атап өтті А.Гутерриш.

Сейсенбі күні Жастар форумында сөз сөйлеген БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет осы буынның өзгерістер үшін күрес жолында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.