{metadescription}
22 сәуірде еліміздің кей өңірінде нөсер жаңбырдың соңы қарға ұласады

22 сәуірде еліміздің кей өңірінде нөсер жаңбырдың соңы қарға ұласады

22 сәуір, жұма күні ел аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады және атмосфералық фронттар өз әсерін сақтайды.

Осыған байланысты жаңбыр жауады. Елдің шығысында - қатты жауын-шашын жауса, солтүстігінде, солтүстік-батысында - жаңбырдың соңы қарға ұласады. 

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте – көктайғақ, солтүстікте, батыста – тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – найзағай жарқылдайды. 

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман, желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Қостанай облысының оңтүстігінде көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

Ақтөбе облысының солтүстік жартысында желдің 18 м/с күшеюі күтіледі. 

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батысында тұман, күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Күндіз Қызылорда облысының орталығында желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Жамбыл облысында найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Алматы облысында найзағай кезінде желдің 17-22 м/с, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с күшеюі күтіледі. 

Түркістан облысының тауларында дауыл соғып, найзағай кезінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде