Теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 18-орынға көтерілді
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдегі үздік теннисшілердің жаңартылған рейтингісін жария етті.
11:31 25.04.2022
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингіде 19-дан 18-орынға көтерілді.
Юлия Путинцева бірден жеті саты жоғарылап, 44-орынға жайғасты. Зарина Дияс 116-сатыда келеді.
Жұптық сында Анна Данилина 21-сатыда болса, Шымкенттегі ITF W15 жарысында жеңіске жеткен Жібек Құламбаева 300-орынға шықты. Гөзал Айнитдинова 423-орында.
Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик те көрсеткішін жақсартып, 33-тен 32-ге жоғарылады.
Михаил Кукушкин 167-ден 164-ке, Дмитрий Попко 171-ден 169-ға көтерілді. Тимофей Скатов 194-інші, Денис Евсеев 345-інші, Бейбіт Жукаев 510-орында тұр.
Жұптық сында Андрей Голубев 26-ыншы, Александр Недовесов 60-ыншы, Григорий Ломакин 243-сатыда келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!