{metadescription}
Бас прокуратура Талдықорғандағы бүлік қалай басталғанын айтты

Бас прокуратура Талдықорғандағы бүлік қалай басталғанын айтты

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысы Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік қалай ұйымдастырылғаны белгілі болды.

Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың сөзінше, 4 қаңтарда Алматы облысында А. және жеке адамға қарсы қылмысы үшін сотты болған С. есімді адамдар қирату, мүліктерді жою және билік өкілдеріне қарсы күш қолдануды ұйымдастырғаны туралы алдын ала сөз байласқан.

"5 қаңтарда бұл адамдар әлеуметтік желі арқылы Талдықорғнадағы шағынауданда 400 адамды жинап, сол жерде оларға облыс әкімдігін басып алу үшін нұсқау берген. Содан кейін ұйымдасқан топ орталық алаңға қарай жүріп, жол бойында қолдарына тас алып, металл кесінділермен қаруланған. Арессив топ қолда бар құралдардың көмегіме полиция қоршауын бұзып, облыс әкімдігінің ғимаратын өртеді. Олар тоқтамай топқа тағы 500 адамдықосып алып, барлығы Талдықорғандағы полиция ғимаратын басып алуға барды. Ғимарат 80 пайызға жойылды", - бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде