Қолтырауын дәрет сындырмақ болған ер адамды жеп қойды
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында қолтырауын 20 жастағы ер адамды жеп қойды.
Фото: mirror.co.uk
20:16 25.04.2022
Ол өзен жағасында дәрет сындырмақ болған. Қолтырауынның шабуылынан Дипу есімді ер адам мерт болды. Ол Катарниагхат қорығы маңында тұратын туыстарының үйіне қонаққа келген. Қайғылы оқиға болар күні Дипу немере ағасымен өзен жағасына барған. Кенеттен тап берген қолтырауын жігітті су астына тартып алып кеткен.
Көмекке келген ауыл тұрғындары Дипуды да, қолтырауынды да байқамаған. Ағыс қатты болғандықтан және тағы бір қолтырауынның шабуыл жасауынан қорыққан тұрғындар суға түспеген. Көмекке келген сүңгуірлер де су деңгейінің төмендеуін күткен.
Іздеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін полиция мен орман қоры департаментінің өкілдері жергілікті ирригация департаментіне өтініш білдіріп, мәйіт табылғанша өзенге су жібермеуді сұраған.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!