{metadescription}
Жүргізуші куәлігінің фотосын 80 мың теңгеге сатпақ болған тараздық ұсталды

Жүргізуші куәлігінің фотосын 80 мың теңгеге сатпақ болған тараздық ұсталды

Тараз тұрғынына жүргізуші куәлігінің фотосуретін 120 мың теңгеге сатқан алаяқ әйел «түпнұсқасын» 80 мың теңгеге сатпақ болған.

Таразда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған бөліміне (мамандандырылған ХҚКО) жүргізуші куәлігін қалпына келтіру үшін 27 жастағы жергілікті тұрғын келеді, ол телефоннан куәлігінің суретін көрсетіп, белгісіз жағдайларда жоғалтып алғанын хабарлады. 

Алайда бұл азаматты ҚР ІІМ ақпараттық ресурстары бойынша тексеру кезінде Жамбыл облысы ПД ӘПБ процессинг орталығының қызметкерлері оның ешқашан жүргізуші куәлігін алмағанын анықтады.

Сауалнама барысында жас жігіт мессенджер арқылы белгісіз әйел теориялық және практикалық емтихандарсыз жүргізуші куәлігін дайындап беруге уәде бергенін айытқан. Осы қызмет үшін ол картаға 125 мың теңге аударған. Бірақ әйел жүргізуші куәлігінің суретін ғана жіберіп, «түпнұсқаға» тағы 80 мың теңге талап еткен.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі (Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану арқылы жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қаңтар

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.