Шымкентте Жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы қамауға алынды
Шымкент қаласы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүруде. Лауазымды қызметкер тергеуге байланысты ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Фото: © пресс-служба Госдумы
10:11 26.04.2022
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық жасау фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
«Биылғы жылдың 25 сәуірінде М. Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды»,- делінген департамент таратқан хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін М. Бұхарбаевтың қарамағындағы полиция қызметкері әлеуметтік желіде оның ақша жинауға мәжбүрлейтінін айтып, биіктен көмек сұраған жазба таратқан еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!