Елорда тұрғыны 13 жастағы қызға бірнеше рет ішімдік ішкізген
Портал мәліметінше, Ақмола облысында Ақкөл ауданына қарасты елді мекендердің бірінде тұратын 13 жастағы тұрғын еліткіш дәрі-дәрмектер, бірнеше рет алкогольдік ішімдіктер ішкені анықталды.
Фото: РИА Новости
11:31 26.04.2022
Заңсыз әрекеттерді 2021 жылдың 25 желтоқсаны мен 26 желтоқсаны аралығында 34 жастағы елорда тұрғыны жасаған. Қазіргі уақытта Ақкөл аудандық ПБ тергеу бөлімі бұл дерек бойынша ҚР ҚК 133-бабының 1-бөлігіне ("Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту") сай соталды тергеуді бастады.
"Кәмелетке толмаған адамды алкоголь және құрамында спирт бар өнімдерді, еліткіш дәрі-дәрмекті жүйелі пайдалануға (ішуге) тарту жасөспірімдер маскүнемдігіне әкеледі, ал баптың санкциясында осы қылмыс үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген", - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!