Биыл азық-түлік тауарларын шығаратын 33 инвестициялық жоба іске қосылады
Биыл азық-түлік тауарларын шығаратын 33 инвестициялық жоба іске қосылады.
13:22 26.04.2022
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.
«Жалпы 2022 жылға 33 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде: 7 ет комбинаты, 10 сүт өңдеу зауыты, 10 құс фабрикасын салу және кеңейту бойынша жоба және 165 мың гектар алаңда 6 бақша салу. Бұл жобалар республиканың 13 өңірінде жалпы сомасы 38 млрд теңгеге іске асырылады. Нәтижесінде 1,7 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған», - деді министр.
Оның дерегінше, ірі нысандардың қатарында Алматы және Қарағанды облыстарындағы жалпы сомасы 7 млрд теңгені құрайтын сүт өнімдерін өндіруге бағытталған 2 жоба бар. Жобалар іске асқанда 110 жаңа жұмыс орны ашылады.
«Импортты алмастыру жөніндегі іс-шаралар аясында мынадай жүйелі шаралар қабылданатын болады: 23,6 млрд теңге сомасына жобаларды қаржыландыру; инфрақұрылымды дамыту; 6 млрд теңге көлемінде инвестициялық салымдарды субсидиялау; өнім сапасын бақылауды күшейту», - деді Ербол Қарашөкеев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!