{metadescription}
Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты сот қаулысы өзгеріссіз қалды

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты сот қаулысы өзгеріссіз қалды

Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «Mudarabah Capital» қаржылық пирамидасына қатысы бар деген күдікке ілінген вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты он тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды.

«Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бұдан бұрын Алматы қаласының тергеу сотының қаулысымен шығарылған Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты он тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Аталмыш соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылды. Аталған іске қатысты өзге де ақпаратты ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сай тергеу орындарынан білуге болады», - деді Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің өкілі Абай Жарылқасын.

Айта кетсек, сот актісіне қатысты күдіктілердің өкілдері апелляциялық шағым түсірген болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде