{metadescription}
Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Алматы соты бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты үкім шығарды.

Сот Игорь Дужновты бес адамның өліміне кінәлі деп тапты.

«Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Төтенше қауіпсіздіктің қылмыстық жүйесі мекемесі Дужновтың жазасын өтеу орны ретінде белгіленді», - деп үкім шығарды судья.

Еске салайық, былтыр 20 қыркүйек күні Алматыда жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі - 1967 жылы туған азамат оқ атты.

Қызмет барысында бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, көз жұмды. Қаза тапқан полицейлердің бірінің артында – 5, екіншісінде 2 бала қалды.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде