Президент: Конституцияға түзетулер жобасын дайындау жұмыстары басталды
Бұл туралы бүгін өткен Amanat партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
16:27 26.04.2022
«Менің тапсырмам бойынша Конституцияға түзетулер енгізу жобасын дайындау жұмыстары шұғыл басталды. Негізгі заңға өзгерістер енгізбей алға қойылған ауқымды өзгерістерді іске асыру мүмкін емес екендігі түсінікті. Шын мәнінде, конституциялық реформа – Тәуелсіздік тарихындағы жаңа белес. Мұның бәрі уақыт талабынан және қоғам сұранысынан туындап отыр. Біз Жаңа Қазақстанды құру үшін батыл өзгерістер жасауымыз керек. Бұл өзгерісті әркім өзінен бастауы қажет», - деді Мемлекет басшысы партияның кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде.
Сондай-ақ Президент Ата Заңға өзгерістер енгізу кешенді жаңартулар үшін қажет деп отыр.
«Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемелекетіміздің саяси архитектурасын кешенді қайта құруға, билік тармақтарының арасындағы тежеу мен қарама-қайшылықтың теңестірілген жүйесін жасауға бағытталған», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!