Доллар тағы қымбаттады
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
Фото: iStock
17:14 26.04.2022
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы тағы 5,09 теңгеге қымбаттаған.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 453, 53 теңге.
Ұлттық банктің 26 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 448, 26 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 453 теңге, сатып алу – 456 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 453, 25 теңгеден болса, сатып алу құны – 456, 50 теңге.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!