Ресейде белгісіз біреу балабақшада атыс шығарды, қаза тапқандар бар
Қаруланған ер адам балабақшаға келіп, сол жерде оқ жаудырған. Құрбан болғандардың арасында балалар да бар.
18:09 26.04.2022
«Ер адам балабақшаға кіріп, бала күтуші мен екі бүлдіршінді атып өлтірді», - деді агенттікке сұхбат беруші.
Содан кейін ол өзіне қол жұмсаған.
Дереккөздің хабарлауынша, атыс себебі тұрмыстық жанжал болуы мүмкін. Атыс балалар демалып жатқан кезде болған.
«Ер адам балалар ұйықтап жатқан бөлмеде оқ жаудырған», - делінген дереккөзде.
Онда көрсетілгендей, оқ атушының жеке басын анықтау әзірге қиын болып отыр. Балабақшаның тағы бір қызметкері оқ жарақатын алған. Өңірдің денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен адамға барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатқанын нақтылады.
Оқиға туралы ақпаратты аймақ үкіметінің баспасөз қызметі де растады. Ведомство оқ жаудырған адамның өз-өзіне қол жұмсағанын айтты.
«Сұмдық қылмыс болған Вешкаймдағы жағдай жөнінде атқарушы билік өкілдерімен және депутаттық корпуспен сөйлестім. Алдын ала ақпарат бойынша, 2016 және 2017 жылы туған екі бүлдіршін мен бала күтуші қаза тапты», - деп жазды облыстағы Мемлекеттік Думаның депутаты Сергей Морозов Telegram каналында.
Облыс губернаторының баспасөз қызметі аймақ басшысы марқұмдардың отбасына шұғыл көмек көрсетуді тапсырғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта губернатордың өкімімен бірінші вице-губернатор Игорь Эдель мен вице-губернатор Александр Коробко оқиға орнына бет алды.
«Алдын ала ақпарат бойынша, қару оқ жаудырушы емес, басқа адамға тиесілі болған», - деді Коробко.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!