{metadescription}
Еліміздің 7 өңірінде ескерту жарияланды

Еліміздің 7 өңірінде ескерту жарияланды

Қазақстанның жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында және орталығында желдің екпіні –15-20 м/с.

Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні –15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз желдің екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Шаңды дауыл соғады.

Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында желдің екпіні –15-20 м/с.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с дейін жетеді. Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарда найзағай, дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Шымкент қаласында түнде және таңертең найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні – 15-20 м/с.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.