Алматыда үздік әлеуметтік идеялардың авторлары марапатталады
2022 жылдың 28-29 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматы қаласындағы өкілдігінде«Үйлесімді даму және бақытты балалық шақ – қазіргі заманауи негізгі басымдық» тақырыбында әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтеді.
13:01 27.04.2022
Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесікоммерциялық емес сектор үшін демонстрациялық, ақпараттық және білім беру платформасынқамтиды.
КЕҰ өкілдері екі жылғы онлайн форматтан кейінҚордың әдеттегі алаңында офлайн кездеседі. Мұндақазылар алқасына олар өздерінің әлеуметтікмаңызды идеяларын ұсынады да ең үздіктері іскеасырылу үшін қаржыландырылады. ҚазақстанПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғыжылды балалар жылы деп жариялау туралы шешімінқолдап, біз коммерциялық емес ұйымдардыбалаларды қорғауды қамтамасыз етуге бағытталғанжобаларды бірлесіп әзірлеуге шақырдық.
Естеріңізге салайық, жәрмеңке алдында әлеуметтікидеялар мен жобалардың республикалықбайқауы өтеді. Биыл байқаудың іріктеу кезеңіне КЕҰ-дан үш номинация бойынша 177 өтінім берілді: «Таңдау құқығымыз туралы үнімізді естіңіз!» (34 жоба), «Балалар алдындағы жауапкершіліктіжаңғырту: болашақтың міндеті» (60 жоба) және«Талантты ынталандыру: іске кірісіңіз, мүмкіндіктерді арттырыңыз, ресурстардықолданыңыз!» (83 жоба). Жобаға үш мегаполис(Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент) және 14 облыс, соның ішінде шалғай елді мекендер мен моноқалалардан қатысты.
Жәрмеңке аясында өтетін байқаудың финалынажеткен 50 ұйым Нұрсұлтан Назарбаев Қорыныңүздік әлеуметтік идеясы мен гранты үшін бақсынасады. Жеңімпаздар (бірнешеу болады) іс-шараның екінші күні, яғни 29 сәуірде жариланады.
Екі күндік бағдарлама аясында «Буккроссинг»акциясы (қор жанындағы саябақта көше кітапханасынорнату), ашық диалог алаңы, финалистерге арналғаннетворкинг, шеберлік сыныптар және дәрістер өтеді.
«Қазақстанның әлеуметтік институттарыныңдиалогы: жаңа идеялар - балалықты қорғаудыңжаңа мүмкіндіктері» атты ашық диалог алаңындасарапшылар тақырып бойынша сөз сөйлейді. Атапайтқанда, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорыжобалық басқару департаментінің директоры ӘсетҚылышбаев, Beeline Қазақстан CSR менеджеріАнар Жұмағұлова, «ITeachMe» құзыреттіліктідамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Захира Бегалиева, «Ковчег» мекемесіжобаларының үйлестірушісі Зарина Нарбаева, «Қазақстанның дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ төрайымы Зүлфия Байсақова, «Wunderacademy» жеке инклюзивті мектебінің бас директоры Руслана Писаренко бар. Кездесудің модераторы белгілі тележүргізуші, ерікті, азаматтық белсендіАдель Смит.
Жәрмеңкенің екінші күні э.ғ.к., доцент, өнерсаласындағы Магистр, медиа менеджер сенатор Фулбрайт бағдарламасының стипендиаты Аида Досаева шеберлік сыныбын өткізіп, менеджерлерге арналған білім мен коммуникацияның қыр-сырымен таныстырады.
«Навстречу переменам» балалық шақ саласындағыәлеуметтік бастамаларды қолдау қорының теңқұрылтайшысы, фандрайзерлер қауымдастығыБасқарушы кеңесінің мүшесі (Ресей) Татьяна Бурмистрованың онлайн дәрісін азаматтық сектор өкілдері көп күтті. Ол әлеуметтік жобаларғаинвестицияны тартуды және коммерциялық емессекторда қалай бәсекелесуге болатыны туралыәңгімелейді.
Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіжеңімпаздарды марапаттаумен аяқталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!