{metadescription}
ІІМ Мейіржан Төребаевтың айыптауына жауап берді

ІІМ Мейіржан Төребаевтың айыптауына жауап берді

Қаржы пирамидасын құру күдігіне іліккен Мейіржан Төребаевтың полиция қызметкерлерін айыптауына еліміздің Ішкі істер министрлігі жауап берді.

Күдіктінің мәлімдеуінше, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылдың өзінде «Мudarabah Capital» қаржы пирамидасы туралы полицияға ескерту жасаған. Бірақ, құқық қорғау органдары аталған компанияның қызметін тоқтатуға қатысты ешқандай әрекет жасамаған. Сынға жауап берген Ішкі істер министрлігі осы мәселеге қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Аталған тұлғаның полиция қызметкерлерінің «Mudarabah Capital» қаржы приамидасына қатысты дер уақытында іс-шара қабылдауына қатысты дәлеліне орай қазіргі уақытта қызметтік тексеріс тағайындалған. Бүгінде полиция қызметкерлерінің кінәлі екендігін айту ерте», - делінген министрліктен берілген жауапта.

19 сәуір күні Алматыда «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынғаны туралы жазған болатынбыз.

Кейін танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынды.

Ал 26 сәуірде Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «Mudarabah Capital» қаржылық пирамидасына қатысы бар деген күдікке ілінген вайнерлерді 10 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде