{metadescription}
Үкімет жанындағы комиссиялар саны 70-тен 25-ке қысқартылды

Үкімет жанындағы комиссиялар саны 70-тен 25-ке қысқартылды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында Мемлекет басшысының тиісті Жарлығын орындау үшін 30-дан астам іс-шарадан тұратын Іс-қимыл жоспары жүзеге асырылып жатқаны айтылды, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.

Қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік органдарды нәтижелі жұмысқа, азаматтарды толғандыратын мәселелерді тиімді әрі сапалы шешуге бағыттауға мүмкіндік береді.

Мәселен, бүгінгі таңда Үкімет қаулысымен комиссиялар саны 70-тен 25-ке дейін қысқартылды. Осындай жұмыстар министрліктерде де жүзеге асады. Құжаттарды қарау мерзімін екі есе қысқартатын, сондай-ақ норма шығару процесін қайта құратын Үкіметтің жаңа регламенті әзіленіп жатыр. Регламенттің жаңа редакциясы жақын арада бекітіледі.

Сонымен қатар, Үкімет басшылығының қолданыстағы тапсырмалары тексеріліп жатыр. Маңыздылығын жойған және қайталанатын тапсырмалардың барлығы алынып тасталады. 

Сондай-ақ, «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінің базасында мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру және бюрократиядан арылту жөніндегі ұсыныстарды жинайтын онлайн-ресурс құрылады. 

«Іс-қимыл жоспары өте қысқа мерзімде орындалуы тиіс. Барлық тармақтың орындалу сапасына назар аударуды сұраймын», - деді ҚР Премьер-Министрі. 

Әлихан Смайылов атқарылып жатқан шаралар мемлекеттік аппараттың жұмысын едәуір жеңілдетіп, қоғам үшін барынша тиімді әрі ашық болуы тиіс екенін атап өтті.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде