{metadescription}
Еліміздегі ірі кәсіпорындардың төңірегінде шағын зауыттар салынады

Еліміздегі ірі кәсіпорындардың төңірегінде шағын зауыттар салынады

Еліміздегі ірі кәсіпорындардың төңірегінде шағын зауыттар салынады.

Бұл туралы Халықтың табысын арттыру бағдарламасын таныстырған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін таныстырып отырған жобалардың барлығының тікелей әсері бар. Жанама әсер арқылы да табысты арттыратын жобалар жоқ емес. Ең алдымен бұл 50 әрі кәсіпорынға қатысты. Олардың төңірегінде шағын және орта бизнес белдеуі құрылады. Меніңше, бұл кәсіпкерлік қызметтен, шағын және орта бизнес өкілдіктерінен табыс алуға мүмкіндік береді», - деді Үкімет басшысының орынбасары Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы ретте ол төңірегінде 8 шағын зауыт салынатын Қызылорда облысында шыны зауытын мысалға келтірді.

«Дәл осындай тәсіл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға және жаңа жобаларға қолданылатын болады. Ал Қазақстанда «Қазақмыс», «Испат Кармет» сынды кәсіпорындар өте көп. Міне. дәл осы кәсіпорындардың төңірегінде осындай кәсіпорындар құрылады», - деді Ералы Тоғжанов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде