{metadescription}
Министрлік Алматыдағы спорт колледжі неліктен жабылғанын түсіндірді

Министрлік Алматыдағы спорт колледжі неліктен жабылғанын түсіндірді

Алматыдағы спорт колледжі жабылады. Осыған қатысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ресми түсінік берді.

«Спорт колледжін жабу шешімі әлемдік тәжірибеге сүйене отырып қабылданды. Бүгінде Алматыда 2 республикалық және 1 қалалық спорт мектеп-интернаты бар. Колледжде білім алып жатқан студенттер осы аталған спорт мектептеріне ауыстырылады. Ешкім оқусыз немесе жұмыссыз қалмайды. Аталған жайт министрлік, комитет тарапынан алдын ала қарастырылды», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Спорт комитеті басшысының мәлімдеуінше, аталған колледждің аумағында жаңа спорттық нысан пайда болмақ. 

«Жабылатын спорт колледжінің аумағында Үкімет тарапынан қолдау болса, спорттық модульдік инфрақұрылым салу жоспары бар. Ол жерде спортшылар тиісті деңгейде жаттығу мүмкіндігіне ие болады. Ал бапкерлерге келсек, олар да жұмыссыз қалмайды. Бапкерлер «Шаңырақ» және Кәкен Ахметов атындағы спорт мектебі интернатына барады. Ал кей бапкерлер қалалық спорт мектептерінде жұмысын жалғастырмақ», - дейді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде