Өткен тәулікте 10 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 10 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды.
08:15 01.05.2022
Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Алматы қаласында - 5, Алматы облысында - 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны осымен 1305543 адам болды. Сондай-ақ, Қазақстанда өткен тәулікте 12 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты: Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Алматы қаласында - 4, Алматы облысында - 3, Шығыс Қазақстан облысында - 1 адам сырқатынан сауыққан.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны осымен 1291078 адам болды
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!