{metadescription}
Грузияда жер қатты сілкінді

Грузияда жер қатты сілкінді

Грузия Ұлттық сейсмикалық мониторинг орталығының мәліметінше, Дманиси муниципалитетіндегі Ирганчай ауылы маңында магнитудасы 5,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Грузия жаңалықтарына» сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері 1 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 23:35-те тіркелген. Олар жер сілкінісі ошағынан шамамен 80 шақырым жердегі Тбилисиде және Грузияның басқа да қалаларында сезілді. Дманиси мен Ниноцминда шекарасындағы аумақ (Квемо-Картли және Самцхе-Джавахети аймақтары) соңғы уақытта белсенді сейсмикалық аймаққа айналды. Ол жақтарда күн сайын дерлік жер асты дүмпулері болады.

Бұл аймақтағы ең қатты жер сілкінісі 13 ақпан күні кешке тіркелген. Оның магнитудасы 6,1 балға жеткен еді. Одан кейін бірнеше дүмпу болды, олардың ең мықтысы - 4,5 бал. Жер сілкінісі салдарынан Дманиси муниципалитетіндегі мектеп ғимараты мен 20-ға жуық үй зардап шекті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде