{metadescription}
Маңғыстау облысында шаңды дауыл салдарынан жол жабылды

Маңғыстау облысында шаңды дауыл салдарынан жол жабылды

Маңғыстау өңірінде шаңды дауыл соғып, жолдың көрінуі қиындауына байланысты жолда қозғалысқа шектеу қойылды.

«Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай –Ақтау автожолының 647–712 шақырымында (Шетпе-Жетібай учаскесі) көліктерге жүруге тыйым салынды. Шектеу 02.03.2022 Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13.30 бастап енгізілді», - деді «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ баспасөз қызметі.

Ведомство штаттан тыс жағдай туындаса, «ҚазАвтоЖолдың» бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталығына хабарласуға болатынын ескертті. Байланыс нөмірі: 1403

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде