{metadescription}
Түрмедегілер наразылық ұйымдастырып, адамдарды тұтқынға алды

Түрмедегілер наразылық ұйымдастырып, адамдарды тұтқынға алды

Венесуэлада абақтыда қамауда отырғандар наразылыққа шығып, адамдарды тұтқынға алды.

Оқиға Карабобо штатында болды.  Олар үш күзетшіні кепіл ретінде тұтқынға алған. Басты талаптары – камералардағы адам санын азайту. Артынша ел прокуратурасы оқиға аяқталды, 50-ден астам адам көрші түрмеге ауыстырылды деп мәлімдеді. 

«Карабободағы №14 және №28 прокуратураның адам құқықтары жөніндегі қызметкерлері  Лос-Гуайос ұлттық полициясындағы Боливариан үйлестіру орталығына тәртіпсіздіктерді тоқтату үшін келді. Олар кепілге алынған үш адамды босатып, 53 қамаудағы тұтқындарды Токуито сот түрмесіне ауыстыруды ұйымдастырды», - деп жазды өз блогына Венесуэланың бас прокуроры Тарек Уильям Сааб. 

Жергілікті БАҚ наразылыққа басты себеп – қамауда отырғандардың құқығының бұзылуы мен камералардың шектен тыс толуы себеп болғанын айтуда.  

Тұтқыннан босатылған үш күзетшінің жағдайы ауыр. Біреуінің бассүйегі сынса, екіншісі құлағынан айырылған.  

Дереккөз: baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде