{metadescription}
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 3-5 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

"Қазгидромет" мәліметінше, еліміздің батысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болған солтүстік-батыс антициклоны республиканың солтүстік-батыс, солтүстік, орталық аймақтарына одан әрі қарай жылжуын жалғастырады.

Термометр бағандары түнгі уақытта 6 градус аяз - 5 градус жылыға дейін, Қарағанды облысының оңтүстігінде 10-15 градус жылыға, күндіз 7-23 градус жылыға дейін төмендейді. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қазақстанның оңтүстік жартысына келер болсақ, мұнда оңтүстік циклон әсерінен жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жауын, найзағай, бұршақ, дауыл болады, желдің күшеюі - 15-20, екпіні секундына 23-28 метр болады.

"Об шығанағы аймақтарынан келетін циклонның әсерінен 5 мамырға таяу республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, сәйкесінше найзағай ойнап, жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Жалпы, республиканың басым бөлігінде мамырдың басында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, ол ақырындап көтеріледі, аптаның соңына қарай күндіз ауа температурасы 13-25 градус жылы болады. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында айтарлықтай температура ауытқуы күтілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.