Өткен тәулікте 4 адам ауырып, 5 адам жазылып шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 4 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды.
11:33 10.05.2022
Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, індетке шалдыққандардың 1-еуі Нұр-Сұлтан қаласында, 2-еуі Алматы қаласында, 1-еуі Жамбыл облысында тұрады. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 1 305 603-ке жетті.
«Өткен тәулікте 5 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Оның 1еуі елордалық азамат, 4-еуі Алматы қаласының тұрғыны. Елімізде жұқпалы дерттен айыққандардың қатары 1 291 450 болды», - деп жазды ведомство.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!